26 Қаңтар, 2015

Грекия парламент сайлауында «Сириза» жеңіске жетті

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26-01-15-siriza-1

АСТАНА. 26 қаңтар. Кеше өткен Грекия парламент сайлауында оппозициялық солшыл «Сириза» партиясы басым дауыспен жеңіске жетті. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады. Қатаң үнемдеу саясатына қарсы шығушылар дауыс беру қорытындысында 35, 26 пайыздық көрсеткішке қол жеткізді. «Мұның өзі парламентте 300 орындық парламентте 149 депутатқа орын сайлап береді», деп жазады AMNA агенттігі. Ал билеушілердің «Жаңа демократия» деп аталатын партиясы 27,91 пайыздық дауыспен тоқтады. Оның парламенттегі орны саны – 76. Үшінші орынға сайлаушылардың 6,31 пайыз қолдауына ие болған «Алтын арай» партиясы орналасты. Бұл оған заң шығарушы органда 17 орын алуға мүмкін әпереді. «Сиризаға» үкіметті өз бетінше құру құқығына ие болу үшін парламентте 151 дауыс алу керек еді. Енді сайлауда 13 орынға ие болған «Тәуелсіз гректер» партиясы онымен парламенттік коалиция құрмақшы болып жатыр. Сол кезде Алексис Ципрас бастаған партия емін-еркін қимылдайды. «Жаңа демократия» партиясының лидері, қазіргі премьер-министр Антноис Самарас өзінің бәсекелесі Алексис Ципрасты сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Мұрат Айтқожа. Дерек, сурет: РИА «Новости».