«Қатысушының өзіндік киім үлгісі мен сахна мәдениетін сақтауы талап етіледі. Қазақ, ағылшын және орыс тілінде өтетін байқау үш кезеңнен тұрады», деді Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Айзанат Кенжеғұл.
Сондай-ақ өзге ұлт өкілдері арасында мақал-мәтелден «Тіл – тарихтың айнасы» байқауы басталды. Бұл сайыс та Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Саламатты ел» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізіліп жатыр. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту мақсатындағы сайысқа 15-20 жас және 25-45 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдері қатыса алады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау үй тапсырмасынан және төрт кезеңнен тұрады. Қатысушылар алдымен «Үй тапсырмасы» бойынша өзін қысқаметражды бейнеролик арқылы таныстырады, онда қатысушының аты-жөні, қызығушылықтары, қоғамдық өмірдегі жетістіктері, алдына қойған мақсат-міндеттері, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге қосып жүрген үлесі, т.б. қамтылуға тиіс. Келесі кезеңдерде мақал-мәтел айтудан жарысып, олардың мағынасын түсіндіруден сынға түседі. Ал үшінші кезеңде мақал-мәтелдің жалғасын тауып, соңғы кезеңде мақал-мәтелдер бойынша сұрақтарға жауап береді.
Тілдер мерекесіне орай өткізілетін іс-шара тек бұл сайыстармен шектелмейді, бірнеше күнге ұласатын іс-шаралар мемлекеттік тілдің мерейін көтеруге негізделген.
Маңғыстау облысы