Фото: Astanatv.kz
Ер адам жұбайымен, қыз баласымен және достарымен бірге 30 тамызда Қарағожы ауылына қарай демалуға барып, 1 қыркүйекте оралмақ болған. Алайда мүлде хабар-ошарсыз кеткен. Оқиға туралы тәртіп сақшыларына жоғалғандардың жақындары хабарлаған.
Ақпаратта: «Облыстық Полиция департаменті аппаратының қызметкерлері және құтқарушылар бірнеше топқа бөлініп, аумақты бірге қарады. Сонымен қатар іздеу жұмыстарына дрон пайдаланылды», делінген.
Екі отбасы өзен деңгейінің көтеріліп кетуінен үш күн бойы өзеннен өте алмай, бір орында қалып қойған.
Дрон арқылы олардың орналасқан жері анықталған.