Саясат • 06 Қыркүйек, 2024

Сарапшылардың келелі кеңесі

57 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Кеше Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Сарапшылық кеңестің бесінші отырысы өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды: референдумның құқықтық базасы – 2024 жылғы түзетулер; референдум үдерісін ұйымдастырудың өзекті мәселелері.

Сарапшылардың келелі кеңесі

Отырысты ашқан ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров Сарапшылық кеңестің жаңадан сайланған мүшелерін таныстырды. «Инклюзивтілік қағидат­тарын, сондай-ақ ҚР ОСК жаңа даму стратегиясында айқындалған институцио­нал­дық даму басым­дығын сақ­тау мақса­тында ағымдағы жылы құрам азаматтық құқықтарды, мүгедектігі бар адамдардың құқық­тарын қорғау саласын­дағы белгілі қоғам қайрат­керлерін және өңірлердің сайлау комиссиялары өкілдерін қосу арқылы кеңейтілді», деп атап өтті Н.Әбдіров.

Кеңестің жаңартылған құ­рамына «Қазақстан мүге­дектер конфедерациясы» респуб­ликалық қоғамдық бірлес­тігінің президенті Жанат Омарбекова, «Шырақ» мүгедек әйелдер қауым­дастығы» қоғамдық бірлес­тігінің басшысы Татьяна Баклажанская, Республика­лық нотариаттық палатаның төрағасы Әсел Жанәбілова, Атырау облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманақұмов кірді.

ОСК басшысы Кеңес мүше­лерінің құрамын толықтыру оның сарапшылық әлеуетін кеңейтетініне және қоғамдық өмірдің түрлі салаларының сарапшыларымен сындарлы және тиімді пікір алмасу үшін диалог алаңының мүмкіндіктерін күшейтетініне сенім білдірді.

ОСК басшысы талқыланып жатқан мәселелерге тікелей тоқтала отырып, бүгінгі таңда осы жазда қабылданған референдум заңнамасының жаңашыл­дықтарын талқылау және түсіндіру сайлау күн тәртібі­нің өзекті мәселесі болып табы­латынын атап өтті. Түзе­ту­лер қолданыстағы рес­пуб­ли­калық референдум туралы заңда орын алған кейбір құқықтық олқылықтарды жою­ға бағытталған.

Бірінші мәселе бойынша Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова сөз сөй­леп, республикалық референ­дум туралы заңнамадағы жаңашылдықтарды түсіндірді. Ол енгізілген түзетулердің негізгі бөлігі конституциялық сайлау туралы заңға сілтеме нормалары екенін түсіндірді.

Сайлау заңнамасына ұқсас Республикалық референдум туралы Конституциялық заңда қазір ұлттық және халықаралық байқаушылардың, сондай-ақ шетелдік БАҚ өкілдерінің құқықтары мен міндеттері бекітілді, бұқаралық ақпарат құралдарының референдумды әзірлеу мен өткізу барысын жария ету тәртібі айқындалды, референдум кезеңінде қоғам­дық пікірге сауал салу жүргізу тәртібі және басқа да маңызды мәселелер көрсетілді.

Әділет министрлігінің таныстырылымына түсініктеме бере отырып, ОСК жанын­дағы Сарапшылық кеңестің мүшесі, VIII сайланған Пар­ла­мент Мәжілісінің Заң­нама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашева референдум туралы заңнамадағы жаңашылықтар Мәжілістегі талқылау кезеңінде өте жақсы пысықталғанын атап өтті. Ол сондай-ақ қабылданған түзетулер референдум өткізу үдерісін жеңілдететініне сенім білдірді, өйткені олар көптеген мәліметтер мен процедуралық сәттерді ұйымдастырады.

Кеңес мүшесі, Сенат депутаты Жанна Асанова түзетулерді оңтайлы және уақтылы деп атады. Өз кезегінде Кеңес мүшесі, заң ғылымдарының докторы Индира Әубәкірова әріптестерінің назарын үгіт және оның құқықтық салдары мәселелеріндегі түйткілдерге, сондай-ақ ұлттық байқауды жүзеге асыру тәртібін нақты­лауға аударды. Ол біздің еліміздегі референдум инс­титутына деген қажеттілік, әсіресе «халық үніне құлақ асатын мемлекет» және демократияландыру бағыты аясында өсіп келе жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ азаматтардың құқық­тарын қамтамасыз ету мақ­сатында референдум ко­мис­сияларының шешім­дері мен әрекеттеріне (әрекетсіз­дігіне) шағымдану мәселесін рет­теу жөніндегі өз көзқарасы­мен кеңес мүшесі, ҚР ЖС жа­нын­дағы Сот-құқық­тық және ин­но­вациялық жобалар ҒЗИ Ғылыми орталығының басшы­сы, профессор Лейла Жақаева осы түзетуді толығы­мен қол­дайтынын атап өтті. Комис­сия­лардың шешіміне шағым­дану мәселелері нақты реттеуді талап ететін маңызды мәселе болғандықтан, оның ішінде шағымдану мерзімі де айқын. Бұл құқықтық жүйенің, құқықтық мемлекеттің қағидат­тарына, сондай-ақ әкімшілік әділет енгізілуіне байланыс­ты жарияланған новеллаларға сәйкес келеді.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров бірінші мәселені талқылауды қорытындылай келе, республикалық референдум туралы заңнама уақтылы және сапалы жаңартылғанын атап өтті. «Бұл ретте біздің елімізде 2022 жылғы референдумды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесі, сондай-ақ сарапшылар мен халықаралық байқаушылардың ұсыным­дары ескерілді. Осылайша, жаңар­тылған республикалық референдум туралы Конс­титуциялық заң жаңартылған Конституциялық сайлау туралы заңмен толық үйлеседі және әлемдегі ең жақсы тәжірибелер мен сайлау стандарттарын ескереді», деді.

Екінші мәселеге көше отырып, Нұрлан Әбдіров отырысқа қатысушыларды референдум өткізуге дайындық барысы туралы хабардар етіп, науқанды ақпараттық сүйе­мелдеу, ұлттық байқау­шылардың қызметін ұйым­дастыру және референдум үдерісіне қатысушыларды электоралдық оқыту сияқты негізгі бағыттарды қозғады. Бүгінгі таңда сайлау органдары 191 ҚБ және КЕҰ (ОСК – 9, АСК – 182) аккредиттелді, комиссия мүшелерін каскадты әдіспен жергілікті жерлерде одан әрі оқыту үшін 139 тренер дайындалды.

Референдум ұйымдастыру және құқықтық базасын жетіл­діру мәселелерінде заң ғылым­дары­ның докторлары, профес­сорлар Исидор Борчаш­ви­ли мен Марат Қоғамов өз көз­қарастарымен бөлісті. Рефе­рендумға жеке шақыру­ларда QR-кодты пайдалану туралы ұсы­нысты ҚР ОСК жанын­дағы Жас сайлаушылар клубы­ның мүшесі Айсана Рахимова айтты.

Нұрлан Әбдіров референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ретінде Орталық референдум комиссиясы үшін негізгі міндет ұйымдастырушылық іс-шаралардың үлкен бөлігін тиімді және уақтылы іске асыру болып табылатынына назар аударды. Сондай-ақ дайындықтың барлық кезеңдерінде еліміздің сайлау органдарының бірыңғай жүйесінің үйлесімді жұмысы маңыз­ды екенін атап өтті. ОСК, аумақтық және учаске­лік комиссияларды қоса алғанда, барлық деңгейдегі комиссия­лардың қызметі қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтауға және сайлау үдерісінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге негізделуге тиіс.

Өткен диалогті қорытын­дылай келе, Нұрлан Әбдіров сай­лау­шылардың еркін білді­руі үшін барынша жағдай жасауға баса назар аударды. ОСК-ға Сарапшылық кеңес мүше­лерінің айтылған ұсыныс­тары мен пікірлерін зерделеу, оларды қорытындылау және барлық деңгейдегі референдум комиссияларының жұмысында ескеру қажеттігін атап өтті.