Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2024

Су тасқынынан зардап шеккен 7 393 отбасы баспаналы болды

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде Үкімет биылғы су тасқынының зардабын жою жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Су тасқынынан зардап шеккен 7 393 отбасы баспаналы болды

Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Үкімет ұсынған дерекке сәйкес, 6 қыркүйекке дейін 7 393 отбасы зақымданған мүлкінің орнына жаңа үй мен пәтер алған. Оның ішінде 5 313 нысан сатып алынса, 2 080 үй салынған. 

«Барлық 9 147 өтініш берушіге жалпы сомасы 53,5 млрд теңгеге тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы берілді. Сонымен қатар 34 247 отбасына 12 627,7 млн теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы төленді», делінген Үкімет хабарламасында.

Сондай-ақ бірінші қажеттіліктегі жоғалған заттарын сатып алу үшін 9 994 млн теңгеге 21 880 отбасына 150 АЕК-ке дейінгі көлемде қосымша төлем берілді.