Экология • 06 Қыркүйек, 2024

Табиғатты ластаған компания ірі айыппұл арқалады

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбенің табиғат қорғау прокурорлары «Восход Хром» ЖШС-нің қызметінде Хромтау ауданында хром кенін өңдеу кезінде бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Табиғатты ластаған компания ірі айыппұл арқалады

Фото:Ашық дереккөз

Қадағалау органы 2022 жыл бойы кәсіпорынның міндетті экологиялық рұқсатсыз жұмыс істегенін анықтаған. Тиісінше, осы кезеңдегі барлық эмиссиялар, бұл атмосфераға 52 тоннадан астам ластаушы заттардың шығарындылары (бейорганикалық шаң, 3 валентті хром, магний оксиді және т.б.), сондай-ақ жалпы 395 мың тонна көлемінде орналастырылған ірі кесек және шламды байыту қалдықтары нормативтен жоғары, яғни заңсыз деп танылды.

«Табиғат қорғау прокуратурасының шараларымен кәсіпорынға экологиялық рұқсатсыз қызметті жүзеге асырғаны үшін, 2,9 млрд теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Серіктестік әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыға сот тәртібімен шағым жасалды», деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Облыстық соттың бірінші және апелляциялық сатылары айыппұлды заңды деп таныды.