Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2024

Павлодарда жеткіншекті көлік қағып кетті

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда сәбиді көлік қағып кетті. 2020 жылы туған бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодарда жеткіншекті көлік қағып кетті

Облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, кеше сағат 00:50 шамасында 2020 жылғы туған баланы көлік қағып кеткені жайлы хабар келіп түскен. Балаға мидың шайқалуы, бастың, дененің және аяқ-қолдардың жарақаттануы диагноздары қойылды.

 «Ол балалар ауруханасына жеткізілді. Бүгінде оның жағдайы бірқалыпты, бөлімде ем қабылдап жатыр»,  деп хабарлады аурухана.