Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2024

БҚО-да жасөспірім жүргізген көлік аударылып қалды

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҚО-да жасөспірім Toyota Camry көлігін жүргізіп, аударылып қалды. Бұл туралы Egemen.kz жергілікті «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

БҚО-да жасөспірім жүргізген көлік аударылып қалды

Батыс Қазақстан облысының ауылында Toyota Camry автокөлігін жүргізген жасөспірім апатқа ұшырады. Полицияның мәліметінше, 16 жастағы жүргізуші көлік құралын басқара алмай, көлік аударылып кетті. Апат салдарынан жасөспірім жарақат алды.

Оқиға фактісі бойынша кәмелетке толмаған баланың ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша «кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Оларға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындалды, бұл 36 920 теңгені құрайды.

Көлік иесі ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша «көлік құралын басқару құқығы жоқ адамға беру» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 50 АЕК немесе 184 600 теңге айыппұл салынады.