Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2024

Қостанай облысында мектеп қабырғасы құлап кетті

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Бүгін Әулиекөл ауданына қарасты Новонежин ауылындағы мектептің қабырғасы опырылып түсті.​Мектеп ғимаратының екінші, үшінші қабатының бір бүйірі үңірейіп қалды.

Қостанай облысында мектеп қабырғасы құлап кетті

Абырой болғанда, қабырға құлаған кезде мектепте ешкім болмаған. Оқушы да, мұғалім де дін аман.

«Әулиекөл ауданының Новонежин ауылындағы Б. Кенжетаев атындағы Новонежин жалпы білім беретін мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу 2024 жылдың маусымында басталған. Алайда жөндеу жұмысын бастаған құрылыс компаниясы өз міндетін мерзімінде аяқтай алмады. «ПКФ Гренада» серіктестігінің атына наразылық нотасы жолданды. Мердігерді сотқа беру үшін материал дайындалып жатыр. Оқыс апаттың себебін арнайы комиссия анықтайды. Қысқа мерзім ішінде техникалық тексеру жүргізіліп, қортындысы шығарылады. Кінәлі адамдар жауапқа тартылады», деп мәлімдеді облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Оқыс апат болған мектептің оқушылары қашықтан оқуға көшірілді.