Фото:Карина Кущанова/ Kazinform
Аударыспақ аламанына 9 елден 64 спортшы қатысып жатыр. Олардың қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Ресей, Қытай, АҚШ, Түркия және Венгрия бар.
Ат үстіндегі айқаста қарсыластарын алып ұрған Қазақстанның үш спортшысы финалға жолдама алды:
- Ермек Құралбай (60 келі);
- Алмат Ләптібек (70 келі);
- Дарын Өткелбай (80 келі).
Еске сала кетейік, бүгін, 9 қыркүйекте Астанадағы Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында дәстүрлі спорт түрлерінен жарыстар өтеді.