Құқық • 10 Қыркүйек, 2024

Тұтынушы құқын қорғау тәртібі өзгереді

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауда және интеграция министрлігі «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заң жобасын дайындап жатыр. Министр Арман Шаққалиевтің айтуынша, бұл құжат нарықтағы жағдайды түбегейлі жақсартуға, әрбір азаматтың құқығын жан-жақты қорғауға бағытталған.

Тұтынушы құқын қорғау тәртібі өзгереді

«Заман жаңа ойын ережелерін талап етеді. Тұтынушылар құқығын қорғау туралы қазіргі заңы уақыт талабына сай келмейді. Жаңа заң жобасы – формальды өзгерістер жиынтығы емес, әділ және ашық тұтынушылар ортасын қалыптастыруға бағытталған кешенді шаралар жүйесі», дейді министр.

Жаңа заң аясында мынадай өзгерістер болуы мүмкін:

  • Бюрократияның азаюы: Өз құқығы­ңызды қорғау процедурасы қарапайым және жылдам болады. Көптеген инстан­ция­ның орнына тұтынушы сотқа дейінгі са­тыда және сотта екі инстанцияға ғана жү­гі­не алады.
  • Тиімді қорғау: Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіліп, қоғамдық ұйымдар азаматтардың мүддесін қорғау үшін кеңірек өкілеттілікке ие болады.
  • Бизнестің жауапкершілігі: Тұтынушы­лардың құқығын бұзған компаниялар қар­жылық санкцияларға дейін ауыр жауап­­кершілікке тартылады.
  • Онлайн сатып алу кезінде қорғау күшейтілді: Жаңа нормалар тұтыну­шы­ларды электрондық саудадағы алданып қалудан қорғайды.

Сонымен қатар заң жобасында медици­налық бұйымдар мен ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын қайтаруға болмайтын тауарлар тізімінен шығару, әуе билетін сатып алу және туристік қызмет көрсету туралы шарттар бойынша 100% қайтармауды алып тастау ұсынылады.

2021 жылы Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетіне тұтынушылардан 25 мың, 2022 жылы 30 мың, ал 2023 жылы 51 мың шағым келіп түскен. 

Соңғы жаңалықтар

Микология майталманы

Тұлға • Бүгін, 08:40

Ізденіс өндірісті қуаттандырады

Инфографика • Бүгін, 08:35

Өнеркәсіпке енгізілген жасанды интеллект

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:30

ЖИ стартабын қалай құруға болады?

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25

Тайшықовтың тағдыр-талайы

Зерде • Бүгін, 08:10

Ескерткіш тақта орнатылды

Тағзым • Бүгін, 08:05

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:03

ЖИ-дің негізін қалаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Фариза мектебінің мерейі

Руханият • Бүгін, 07:50

Қараңғыдан жарыққа жол тапқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45