Қолданыстағы нұсқа |
Жобадағы нұсқа |
АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ |
|
26-баптың 1 және 2-тармақтары |
|
|
|
ПРЕЗИДЕНТ |
|
44-бапта 3) тармақша |
|
3)Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын айқындайды; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады, Республика Үкіметінің мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қызметке тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметі мен Премьер-Министрінің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады; |
3) Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республика Премьер-Министрін қызметіне тағайындайды; Республика Премьер-Министрін қызметінен босатады; Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министр енгізген ұсынумен Үкіметтің құрылымын айқындайды, Президент дербес тағайындайтын және босататын сыртқы істер және қорғаныс министрлерін қоспағанда, Үкімет мүшелерін қызметіне тағайындайды және қызметінен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша қажеттігіне қарай Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады; |
8) және 9) тармақшалар алып тасталсын: |
|
8) Республиканың мемлекеттік бағдарламаларын бекітеді; |
|
44-бапқа толықтыру |
|
10) республикалық референдум өткізу жөнінде шешім қабылдайды; |
10-1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мүддесінде, күшіне енген заңды немесе өзге де құқықтық актіні Республика Конституциясына сәйкестігіне қарау, Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабы 3-тармағында көзделген жағдайда қорытынды беру туралы Конституциялық Кеңеске үндеулерді жолдайды. |
18) өзіне бағынысты Республика Президентінің Күзет қызметін және Республикалық ұланды жасақтайды; |
18) өзіне бағынысты Мемлекеттік күзет қызметін жасақтайды; |
45-баптың 2-тармағы алып тасталсын: |
|
2. Конституцияның 53-бабының 4)-тармақшасында көзделген ретте Республика Президенті заңдар шығарады, ал 61-баптың 2-тармағында көзделген ретте Республиканың заң күші бар жарлықтарын шығарады. |
|
ПАРЛАМЕНТ |
|
53-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын. |
|
3) Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы; |
|
57-баптың 6) тармақшасы |
|
6)Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы. Есепті тыңдау қорытындылары бойынша Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен оны қызметтен босату туралы Республика Президентіне өтініш жасауға хақылы. Егер Республика Президенті мұндай өтінішті қабылдамай тастаса, онда депутаттар Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен алғашқы өтініш берілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін Республика Президентінің алдына Үкімет мүшесін қызметінен босату туралы мәселені қайталап қоюға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті Үкімет мүшесін қызметінен босатады |
6) Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы. Есепті тыңдау қорытындылары бойынша Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік даусымен оны қызметтен босату туралы Республика Президентіне өтініш жасауға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті Үкімет мүшесін қызметінен босатады. |
61-баптың 2-тармағы |
|
2. Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басымдылығын белгілеуге, сондай-ақ осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар, бұл Парламент заң жобасын енгізілген күннен бастап бір ай ішінде қарауға тиісті екенін білдіреді. Парламент осы талапты орындамаса, Республика Президенті заң күші бар Жарлық шығаруға хақылы, ол Парламент Конституция белгілеген тәртіппен жаңа заң қабылдағанға дейін қолданылады. |
2. Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге құқығы бар, бұл тиісті заң жобалары Парламенттің ағымдағы сессиясы ішінде бірінші кезектегі тәртіппен қабылдануы тиіс екенін бiлдiредi. |
ҮКІМЕТ |
|
64-баптың 2-тармағы |
|
2. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. |
2. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің қызметінде Республика Президентінің, Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. |
65-баптың 2-тармағы |
|
2. Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді. |
2. Премьер-Министр тағайындалғаннан кейiнгi он күн мерзiмде Республиканың Премьер-Министрі Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентiне ұсыныстар енгiзедi. |
66-бапта 1) және 8) тармақшалар |
|
1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; |
1)мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; Республика Президентiнің келісімімен мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді; мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын: «9-1) мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдардың қызметкерлері үшін еңбекақы төлеуді қаржыландырудың бірыңғай жүйесін Республика Президентiнің келісімімен бекітеді; |
67-баптың 4) тармақшасы |
|
4) Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның аса маңызды барлық шешімдері жөнінде Президентке баяндап отырады; |
4) Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары және оның аса маңызды барлық шешiмдерi туралы Президентке және Парламент Мәжілісіне баяндайды;». |
70-баптың 1-тармағы |
|
1. Үкімет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің алдында өз өкілеттігін доғарады. |
1. Үкімет жаңадан сайланған Республика Парламенті Мәжілісінің алдында өз өкілеттігін доғарады. |
72-баптың 2-тармағы |
|
2. Конституциялық Кеңес соттардың өтініштерінКонституцияның 78-бабында белгіленген реттерде қарайды. |
2. Конституциялық Кеңес Конституцияның 44-бабының 10-1) тармақшасында көзделген жағдайларда Республика Президентінің, сондай-ақ Конституцияның 78-бабында белгiленген жағдайларда соттардың өтініштерін қарайды. |
СОТТАР ЖӘНЕ СОТ ТӨРЕЛІГІ |
|
79-баптың 3-тармағы |
|
3. Республиканың жиырма бес жасқа толған, жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар және біліктілік емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алады. Республика соттарының судьяларына заң бойынша қосымша талаптар белгіленуі мүмкін. |
3. Республика соттарының судьяларына қойылатын талаптар конституциялық заңда айқындалады. |
81-бап |
|
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық, жергілікті және басқа да соттарда қаралатын өзге де істер жөніндегі жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады. |
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық істер, жергілікті және басқа да соттардың соттылығына жататын өзге де істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген жағдайларда оның соттылығына жататын сот істерін қарайды және сот практикасының мәселелерi бойынша түсiнiктемелер береді. |
83-баптың 1-тармағы |
|
1. Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуынанықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады |
1. Прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңда белгіленген шектерде және нысандарда заңдылықтың сақталуын жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүдделерiн бiлдiредi және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады. |
ЖЕРГIЛIКТI МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨЗIН-ӨЗI БАСҚАРУ |
|
86-баптың 5-тармағы |
|
5. Мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын Республика Президенті тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған ретте де оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады. |
5. Республика Президенті Премьер-Министрмен және Парламент Палаталарының Төрағаларымен консультациялардан кейін мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады. |
87-баптың 4-тармағы |
|
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының келісімімен Республика Президенті тағайындайды. Өзге әкімшілік-аумақтық бөліністердің әкімдері қызметке Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен тағайындалады немесе сайланады. Республика Президенті өзінің ұйғаруы бойынша әкімдерді қызметтерінен босатуға хақылы. |
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының келісімімен Республика Президенті қызметке тағайындайды. Өзге әкімшілік-аумақтық бөліністердің әкімдері қызметке заңда айқындалған тәртіппен тағайындалады немесе сайланады. Республика Президенті өзінің ұйғаруы бойынша әкімдерді қызметінен босатуға хақылы.» |
ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР |
|
91-бапта 2-тармақ |
|
2. Конституцияда белгіленген мемлекеттің біртұтастығын және аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысанын өзгертуге болмайды. |
2. Конституцияда белгiленген мемлекеттiң тәуелсіздігін, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, басқару нысанын өзгертуге болмайды. |
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: |
|
3. Республика Президентінің өзіне берілген қосымша өкілеттікті жүзеге асыру мерзімі ішінде "Қазақстан Республикасының Президенті мен жергілікті әкімдерге уақытша қосымша өкілеттік беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шыққан және заң күші бар Жарлықтары Республика заңдарын өзгерту, толықтыру немесе күшін жою үшін көзделген тәртіппен ғана өзгертілуі, толықтырылуы немесе күшін жоюы мүмкін. 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 64-бабының 12-15, 18 және 20-тармақтарымен көзделген мәселелер бойынша өзіне берілген қосымша өкілеттікті жүзеге асыру мерзімі ішінде шыққан Республика Президентінің Жарлықтары Республика Парламентінің бекітуіне жатпайды. |
3. Республика Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар, олардың осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетіні туралы Конституциялық Кеңестің қорытындысы болғанда, республикалық референдумға немесе Республика Парламентінің қарауына шығарылады. |
«Егемен Қазақстан» газетінде Қазақстанда билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді бөлу мәселелері бойынша Конституцияға енгізуге ұсынылған өзгерістер жөніндегі заң жобасы жарияланды. Біз салыстыру және түсінікті болуы үшін Конституцияға жасалуы тиісөзгерістерді және ол баптардың қазіргі нұсқасын қатар беріп отырмыз. Қалып қаріптермен өзгертуге ұсынылған, ал курсивпен алынып тасталады деген тұстар жазылды.
Бурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Аймақтар • Бүгін, 01:26
Аяз, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:16
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Кеше
Алматы облысының меншігіне 86 мың га жер қайтарылды
Аймақтар • Кеше