Білім • 12 Қыркүйек, 2024

Жаңғырған оқу ордасы

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында облыс орта­лы­ғын­да қазақ поэзиясының көр­­­некті өкілі Дулат Баба­тайұлының есімін иеленген Семей жоғары кол­лед­ж­інде білім күніне арналған іс-ша­ра өтті. Оған білім мен ғы­лым саласының өкілдері, сту­дент­тер және ата-ана­лар қа­тысты.

Жаңғырған оқу ордасы

Семей жоғары колледжі – 26 жыл­­дан бері өңірде ғана емес, еліміз­дің түкпір-түкпірінде әртүрлі салада еңбек етіп жүрген білікті мамандарды түлетіп ұшырған оқу орын­да­рының бірі. 1998 жылы аймақтағы ал­ғашқы жекеменшік болып ірге­та­сын қалаған колледж жаңа оқу жылын бірегей ізденістермен бастап отыр.

Мәдени іс-шара барысында ел ақса­қалдары Арап Еспенбетов, Зей­нол­ла Тоқаев, басқа да зия­лы қауым өкілдері әйгілі ақын атындағы білім ұжымына ізгі лебіздерін арнап, батасын берді.

Соңғы жылдары кәсіби-техни­ка­лық мамандықтарға деген сұ­ра­ныс артып отыр. Бір жағынан, бұл Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес еліміздегі кәсіп­орындарға көрсетіліп жат­қан қолдау деп білеміз. Биыл атал­ған колледж­де жұмысшы маман­ды­ғына 300-ге жуық грант бөлінген.

«Бұл өткен жылдардағы көр­сет­кіштермен салыстырғанда ана­ғұрлым көп. Президенттің биыл­ғы Жолдауында да жұмысшы ма­мандығына ерекше маңыз берілді. Бұған біз қатты қуандық. Қазір қоғамдағы сұранысқа ие мамандықтарды игеруге студенттерге барынша жағдай жасалған. Осы жылдан бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы да өсті. Бұл – жұмысшы маман­дығында оқитын жастарға көр­се­тіліп отырған үлкен қолдау. Қазір біз теория мен тәжірибені ұштастыру үшін жергілікті кәсіп­орындармен келіссөз жүргізіп, маман­дарды бірге даярлауды жос­пар­­лап отырмыз», деді колледж дирек­торы Ғафу Боранбаев.

 

Абай облысы

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50