Елорда • Бүгін, 10:10

Елордада төрт автобустың қозғалыс бағыты өзгерді

34 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше автобустың қозғалыс бағыты өзгерді, деп хабарлайды Egemen.kz «City Transportation systems» ЖШС-не сілтеме жасап.

Елордада төрт автобустың қозғалыс бағыты өзгерді

Фото: Жанар Каримова

«Жөндеу жұмыстары аяқталмайынша,№ 35, 36, 45, 62 бағыттардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгертілді. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», делінген хабарламада.

Қоғамдық көліктердің өзгерген қозғалыс сызбасын мына сілтемеден көруге болады.