Оқиға • Бүгін, 12:00

Тәжікстанда белгісіз біреу кешкі намаздан кейін бас мүфтиді пышақтап кеткен

94 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Душанбе қаласының орталық мешітінде кешкі намаз аяқталғаннан кейін белгісіз біреу Тәжікстан Республикасы Үлемінің төрағасы Саидмукаррам Абдулкодирзоданы пышақтап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәжікстанда белгісіз біреу кешкі намаздан кейін бас мүфтиді пышақтап кеткен

Фото: Ашық дереккөз

Тәжікстан Республикасы ІІМ хабарлауынша, оқиға Душанбедегі орталық мешіттің жанында сағат 17:20 шамасында болған.

«Бүгін Мәскеу уақытымен сағат 17:20-да Душанбе қаласының орталық мешітінің жанында бір адам намаздан кейін Тәжікстан ғұламалар кеңесінің төрағасы Саидмукаррам Абдулкодирзоданы пышақтап кетті. Шабуыл жасаған азамат ұсталды», делінген хабарламада.

Пышақ жарақаты салдарынан бас мүфти жеңіл дене жарақатын алған.  Оған жедел көмек көрсетіліп, үйіне жөнелтілгені хабарланды.

Аталған  факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.