Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • Бүгін, 15:45

Көшпелілер ойындарының жабылу салтанаты қайда өтеді

33 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының жабылу салтанаты 13 қыркүйек күні сағат 16:00-де Мәдениет және ақпарат минстрлігінің ұйымдастыруымен «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көшпелілер ойындарының жабылу салтанаты қайда өтеді

Фото: Ашық дереккөз

Айта кетейік, Дүниежүзілік көшпелілер ойындары көшпелі халықтардың этникалық спорты мен мәдени мұрасын насихаттау мақсатында өткізіліп жатыр. Алғашқы ойындар 2014 жылы Чолпон-Атада (Қырғыз Республикасы) өтті. Содан бері көшпелілер мәдениетінің жаһандық маңызын айқындаған іс-шара екі жыл сайын өткізіліп келеді.

5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының жабылу салтанаты барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Қарақат Әбілдина, Қайрат Баекенов, Гүлсім Мырзабек, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары: Марат Айтымбай, Мади Сыздықов және тағы басқа өнер жұлдыздары танымал эстрадалық әндер мен халық композиторларының шығармаларын орындайды.

Бұдан бөлек, «Наз» мемлекеттік би театры және Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы, «Қамбарқан» фольклорлы-этнографиялық ансамблі (Қырғыз Республикасы) және «Меломен» тобы қатысады.

Еске сала кетейік, жалпы есепте Қазақстан қоржынында 29 алтын, 17 күміс, 25 қола жүлде бар.