Бокс • 12 Қыркүйек, 2024

Жәнібек Әлімханұлының рингке шығатын күні белгілі болды

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой боксшы, WBO/IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен жаңазеландиялық Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жектің өтетін орны мен күні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жәнібек Әлімханұлының рингке шығатын күні белгілі болды

Фото:janibek_alimkhanuly

Worldboxingnews ақпаратына сәйкес, қазақ боксшысы 19 қазанда Орландодағы (АҚШ) Caribe Royale Resort аренасында өтетін бокс кеші аясында рингке оралуды жоспарлап отыр.

«Бұйырса 4 белбеуді жинаймыз! Екі белбеу қолда, екеуі жолда», деп жазды Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

Соңғы жаңалықтар

Өңір және Жолдау жауапкершілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:15