Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 12 Қыркүйек, 2024

Қазақ спортшысы теңге ілуден жеңімпаз атанды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында теңге ілудің «Бес белес» стилінен қазақ спортшысы Бекнұр Серіков жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақ спортшысы теңге ілуден жеңімпаз атанды

Фото: Ұлттық спорт қауымдастығы

Теңге ілуден бәсеке «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтті. Сайысқа 13 мемлекеттен 31 спортшы қатысқан.

Осылайша, теңге ілуден Қырғызстан спортшысы күміс жүлдеге ие болды. Ал қола медальді Румыния өкілі місе тұтты.

Соңғы жаңалықтар

Өңір және Жолдау жауапкершілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:15