Үкімет • 13 Қыркүйек, 2024

Үкімет су тасқынын болжау үшін батиметриялық зерттеулерге қаражат бөлді

67 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі Президент тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Үкімет резервінен батиметриялық зерттеулер жүргізуге шамамен 576 млн теңге бөлінді. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет су тасқынын болжау үшін батиметриялық зерттеулерге қаражат бөлді

Коллаж: Ulysmedia

Айта кетейік, бөлінген қаражат Су ресурстары және ирригация министрлігіне арналған. Қаржыландырудың негізгі бөлігі жабдықтар мен техникалық жарақтарды сатып алуға, сондай-ақ зерттеулер жүргізу жөніндегі қызметтерге бағытталған.

Жалпы, бөлінген  қаражатты «Қазсушар» ШЖҚ РМК «Су метрология» филиалына тікелей еліміздің солтүстік, батыс және орталық өңірлерінің су тасқыны қаупі бар учаскелеріне батиметриялық түсірілім жүргізуге бағыттау жоспарланған.

«Республикалық маңызы бар су қоймаларына батиметриялық зерттеу жүргізуді қоса алғанда, жұмыстар 2025 жылы жалғасады. Алынған деректер ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ға су тасқынын болжау және модельдеу ақпараттық жүйесіне енгізу үшін беріледі», деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.