Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 13 Қыркүйек, 2024

Қазақтың тұлпары «Құнан бәйгеде» де бірінші келді

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көшпелілер ойындарында 11 шақырымдық құнан бәйгесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақтың тұлпары «Құнан бәйгеде» де бірінші келді

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Құнан бәйгесінде мәре сызығын бірінші кескен «Қамысқұлақ» есімді тұлпардың тізгінінде Әмір Серік болған. Бапкері - Біржан Шаймерденов, жүйріктің иесі - Нұржігіт Табылдиев. 

Екінші және үшінші орынды да Қазақстан алған.

2-орын. «Айшуақ», шабандозы – Аңсар Арыстанбек, ат иесі – Алтынбай Қасым, бапкері – Жамбыл Бөбекбай.

3-орын. «Бақторы», шабандозы – Ділнұр Нұрмұқаш, ат иесі – Айбек Бейсбаев, бапкері – Әділет Ноқатай. 

Байрақты бәйгеде Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия елдерінен 15-тей құнан бақ сынады.