Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Талғат Малыбаев 1987 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «көлік» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Қарағанды қ. «Агро-Консалтинг – К» АҚ Стратегия және бюджеттік жоспарлау департаментінің маманы ретінде бастаған.
Әр жылдары құрылыс компанияларында жұмыс істеген, сондай-ақ Алматы қаласының «Алматы жылу желілері» ЖШС-де, Алматы облысының «Жетісу» ӘКК ҰК АҚ-да басшылық қызмет атқарды. «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ ТКШ қызметтерінің сапасын арттырудың базалық бағытын іске асыру тобының жетекшісі болған.
2023 жылдың маусым айынан бастап Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы қызметін атқарған еді.