Елорда • 15 Қыркүйек, 2024

Астанада жеңіл автокөлік қағып кеткен жол жұмысшысы қаза тапты

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Апат елорда аудандарының бірінде болған. Жеңіл автокөліктің жүргізушісі жол жұмысшысын қағып, содан кейін келе жатқан көлікпен соқтығысты. Жұмысшы алған жарақаттарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада жеңіл автокөлік қағып кеткен жол жұмысшысы қаза тапты

Видеодан алынған кадр

Желіде жол-көлік оқиғасы орнынан видео тарады. Полиция жұмысшыны қаққан жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді. Қылмыстық іс қозғалды.

- Биыл 14 қыркүйекте сағат 13:30 шамасында Lada маркалы автокөліктің жүргізушісі өндіріс көшесімен Ақбидай көшесіне қарай жүріп, жол бөлігінде жол жұмыстарын жүргізген жұмысшыны қағып кетті. Осыдан кейін жүргізуші қарсы бағытта келе жатқан KIA Sportage маркалы автокөлікпен соқтығысуға жол берді. Апат салдарынан жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. KIA Sportage автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушылары ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін үйлеріне жіберілді. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.