Оқиға • 16 Қыркүйек, 2024

Мемлекетке 1,5 млрд теңге залал келтірген азаматқа іздеу жарияланды

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматына іздеу жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекетке 1,5 млрд теңге залал келтірген азаматқа іздеу жарияланды

Фото: ҚМА

Ведомство Ақтөбе облысы Алға қаласының тумасы, 1986 жылы туған Омаров Руслан Уланұлына іздеу жарияланғанын хабарлады.

«Аталған азамат жұмыстарды нақты орындамай, қызмет көрсетпей және тауар жөнелтпей, жалған шот-фактуралар жазып бергені үшін күдікке ілінген. 2011 жылдан 2013 жылға дейін Омаров Р.У. «Sunkar Logistics» ЖШС директоры ретінде әрекет етіп, контрагенттерге 4 млрд теңгеден астам сомаға жалған бухгалтерлік құжаттар жазып берген», делінген хабарламада.

Айта кетейік, мемлекеттік кірістер органдарының қорытындысы бойынша, төленбеген салық түріндегі мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асқан.

Ведомство іздеуде жүрген азаматтың орналасқан жері туралы қандай да бір мәлімет білетін адамдарға мына телефондарға хабарласуды сұрайды: +7-701-770-08-65 - іздеушілер үшін, +7-7292-40-36-59 - кезекші бөлім.

Сыйақы мен анонимділікке кепіл беріледі.