Инвестиция • 16 Қыркүйек, 2024

Жаңа фармацевтикалық зауыт: 200-ге жуық жұмыс орны ашылады

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Египеттік фармацевтикалық компания елімізден  биофармацевтикалық зауыт салу үшін 33 млн АҚШ долларына жуық қаржыны инвестициялауға дайын, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа фармацевтикалық зауыт: 200-ге жуық жұмыс орны ашылады

фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова «EIPICO» египеттік фармацевтикалық компаниясы өкілдерімен кездесті. Тараптар Қазақстанда толық циклды биофармацевтикалық зауыт салу бойынша инвестициялық жобаны талқылады.

«Жоба аясында қазақстандық азаматтар үшін 200-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Зауыт құрылысы сонымен қатар Қазақстанның фармацевтикалық сектордағы орнын күшейте түсіп, маңызды дәрілік заттар өндірісін локализациялауға ықпал етеді» делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Кездесу нәтижесінде тараптар жобаны жүзеге асыру мақсатында алдағы ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізді.