Фото: gov.kz
ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, елімізге келетін шетелдік туристердің географиясы жыл сайын кеңейіп келеді.
Саяхатшылардың ең көбі Ресей Федерациясынан келген – 186,1 мың адам. Қытайлық туристер екінші орында – 69 918 адам. Үшінші орында Үндістаннан келген туристер (53 695 адам) тұр Үздік бестікке Түркия (30 312) және АҚШ (19 597) саяхатшылары кірген.
«Әсіресе Үндістан, Түркия және АҚШ сияқты елдерден келетін шетелдік туристер санының артуы Қазақстанның әлемдік туристік картадағы тартымды бағытқа айналып келе жатқанын аңғартады. Біз туризм инфрақұрылымын дамытып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген саяхатшыларға қолайлы жағдай жасауды жалғастырамыз», деді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.