Оқиға • 18 Қыркүйек, 2024

Шымкентте ұйым басшысы мен есепшісі ірі көлемде қаржы жымқырған

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Шымкент қаласының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері» КММ басшысы И. Долбиловаға және осы ұйымның есепшісі М. Абдукаримоваға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте ұйым басшысы мен есепшісі ірі көлемде қаржы жымқырған

Фото: freepik.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, ұйымның басшысы мен есепшісі іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу жолымен 3,4 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған.

Сот үкімімен мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.