Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2024

ҰАО сарапшылары Қытайда өрт қауіпсіздігіне қатысты тағылымдамадан өтті

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық аккредиттеу орталығының сарапшылары Сычуань провинциясының Чэнду қаласындағы CNAS ҚХР аккредиттеу органында, өрт қауіпсіздігі бойынша ISO/IEC 17020 стандартына арналған тағылымдамадан өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҰАО сарапшылары Қытайда өрт қауіпсіздігіне қатысты тағылымдамадан өтті

фото ҚР Сауда және интеграция министрлігі

ҰАО мамандары қытайлық мамандардың жоғары біліктілігі мен ішкі процедураларды жетілдіру үшін алынған тәжірибенің құндылығын атап өтті.

«Тағылымдамадан өту барысында қазақстандық мамандар қытайлық әріптестерінің жұмысын бақылай отырып, өртке қарсы қауіпсіздік инспекциясы саласында бірегей тәжірибе мен терең білім алды. Олар автоматты дабыл және түтіннен қорғау жүйесі сияқты өрт қауіпсіздігі жүйелерін бағалау әдістерін зерттеді, бұл Қазақстандағы аккредиттеу практикасын жақсартуға мүмкіндік береді. Зерделенген материал негізінде орталық мамандары  Қазақстанда аккредиттеу рәсіміне жаңартылған тәсілдер мен жақсартуларды енгізуді жоспарлап отыр, бұл елдегі өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесіне оң әсерін тигізеді», деді ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.