Осыдан жарты ғасыр бұрын 27 қаңтарда Атырау облысында мұнайшы отбасында дүниеге келген Дамир Мединамов орта мектепті үздік бітірген соң, алғашқы еңбек жолын Мақат аудандық комсомол комитетінде хатшы болып бастады. 1986-1988 жылдар аралығында Кеңес армиясы қатарында жүріп, интернационалдық борышын Ауғанстандағы от пен оқтың арасында атқарған бозбала жігіт Дамир ержүректігі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденін алды. Бұрынғы КСРО елдеріне тарайтын әскери газеттерде қазақстандық солдат Дамир туралы мақалалар жарияланып, оның батылдығы мен әскери шеберлігі мадақталды.
Ол 1989 жылы сол кездегі Қазақстандағы ең таңдаулы жоғары оқу орны болып саналатын С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы мамандығын алып шығады. Университетті бітірген 1995 жылы Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттігіне қызметке орналасады. Міне, содан бері табаны күректей жиырма жыл бойы кейіннен министрлік болып өзгерген осы органның бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы құрылымдық бөлімшесінде қызмет атқарып келеді.
1997 жылғы маусым айында агенттіктің құрамында Дамир Мединамов жаңа астана – Ақмола қаласына көшіп келді. Әрине, бұл айтуға ғана оңай дүние болатын. Қалған 11 әріптесі Ақмолаға пойызбен келіп жатқанда, жасы 30-дан жаңа асқан жігіттің агенттіктің бүкіл дүниесін бір өзі жүк көлігімен Астанаға әкелуі оңайға түспеді. Оның қолынан келмейтін ісі жоғын, «сегіз қырлы, бір сырлы» екенін, қашан да көмекке әзір тұратынын қызметкерлерден сан рет естідім. Сол 1997 жылы агенттіктің бүкіл ғимаратына электр сымдарын жүргізіп, барлық техникасын іске қосып, шаруашылық мәселелерімен де Дамир айналысты.
Дамирдің адамдық, азаматтық қасиеттері жөнінде көп айтуға болады. Оған өзім де сан рет куә болдым. Министрлікте жұмыс істейтін қызметкерлердің басым көпшілігі жастар болғандықтан, олардың мәселелерін шешуге де Дамир көмектесетін.
Еңбекте де ерінбей-жалықпай, ізденіп жұмыс атқаратын Дамир Мединамов талай жасқа тәлімгер де болып, тәлімді тәрбие берді.
Осындай игі істері, жақсы еңбегі, кәсіби біліктілігі лайықты бағаланып «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» атағымен, «Астана қаласына – 10 жыл» медалімен және мақтау грамотасымен аталып өтті.
Бүгінгі таңда жігіт ағасы Дамир зайыбы Гүлбаржан екеуі екі ұл өсіріп, үлкені Бауыржанды үйлендіріп, немере сүйіп отыр.
Өзіміз де отбасымызбен 2007 жылғы сәуір айында Астана қаласына Мәдениет және ақпарат министрлігіне қызметке ауысып келгелі бері, Мединамовтар отбасымен жақсы араласып кеттік. Оған да дәнекер болған Дамир еді. Астана болғандықтан, пәтер мәселесі қиын екені баршаға мәлім. 2008 жылғы ақпан айында пәтерден-пәтерге отбасымызбен көшіп-қонып жүргенімізде, Дамир мен Гүлбаржан екеуі Абай көшесіндегі үйдегі 3 бөлмелі пәтеріне бізді тұрғызды. Жолымыз болып сол жылғы тамыз айында біз де 3 бөлмелі пәтерге қол жеткіздік. Жасым жер ортасына жетіп, қиналған сәтте қол ұшын созған Дамирдің азаматтығына әбден тәнтімін. Қазір Дамир мен Гүлбаржанның немересі Диярдың кіндік шешесімін. Иә, осы отбасының бүкіл ағайын-туғаны, құда-жегжаты біздің де туыстарымыз болып кетті. Нағыз жаны жомарт азамат, міне, осындай болса керек-ті!
Гүлмаһира НҰРБЕКҚЫЗЫ.
АСТАНА.

Маңғыстау-Семей пойызында жолаушылар тарақандарға байланысты шағым жасады
Оқиға • Бүгін, 15:56
Тұтас бір аудан ішімдіктен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 15:29
Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады
Оқиға • Бүгін, 14:59
Astana Half Marathon 2026: Жаңа рекорд орнады
Елорда • Бүгін, 14:36
Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кеткен
Оқиға • Бүгін, 13:58
АҚШ-та атыс болып, 12 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 13:31
Ұлыбританиядағы жеңіс: Иван Дычко қарсыласын нокдаунға жіберді
Спорт • Бүгін, 12:53
Мемлекетке қайтарылған қаржы: Балқаш ауруханасы жаңа келбетке ие болды
Медицина • Бүгін, 12:35
Өзі құрастырған ұшақ алғашқы ұшуда апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 12:06
Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты
Спорт • Бүгін, 11:49
Тайвань төңірегіндегі шиеленіс: Қытай теңіз операциясын қолға алды
Әлем • Бүгін, 11:32
Петропавлда анасын өлтірген әйел 9 жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:22
Арменияда парламент сайлауы басталды
Саясат • Бүгін, 10:52
Бүгін отандасымыз Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалында ойнайды
Спорт • Бүгін, 10:37
Astana Half Marathon қатысушылары «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, плоггинг өткізді
Спорт • Бүгін, 09:54