Бокс • 19 Қыркүйек, 2024

Азия чемпионаты: Қазақстан намысын кімдер қорғайды

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы бас бапкер Қайрат Сәтжанов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Азия чемпионаты: Қазақстан намысын кімдер қорғайды

Фото: boks_alemy.kz

29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында өтетін Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған ірі халықаралық турнирге Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты елдерден боксшылар келеді. Аталған бокс додасында ұлттық құрама спортшыларының барлығы да бақ сынап, Азия біріншілігіне іріктеледі.

«80 келіде Олимпиаданың күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай қатысады деп отырмыз. Азия чемпионатына баратын басқа боксшылар осы жарыстан соң белгілі болады», деді бас бапкер.

Азия чемпионаты Амман (Иордания) қаласында 30 қараша-12 желтоқсан аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • Кеше