Тағзым • 20 Қыркүйек, 2024

Ұлағатты ұстаз еді

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұстаз, ғалым, қаржыгер Майдан Әбдіғалиұлы Сәтқалиев 81 жасында дүниеден озды.

Ұлағатты ұстаз еді

Өз өмiрiн ұстаздық пен ғылым-ға арнаған Майдан Әбдіғалиұлы 1943 жылы Алматы облысы Қо­ғалы ауылында дүниеге келген. Ол 1962 жылы Киев халық шаруашылығы институтына оқуға түсіп, екінші курсында әс­керге шақырылады. Кейін оқуын жалғастырып, 1969 жылы қаржыгер мамандығын алған.

Еңбек жолын Алматы облы­сының салық инспекциясында салық инспекторы болып бастаған Майдан Әбдіғалиұлы әр жылдары мемлекеттік статис­тика органдарында еңбек етті. Алматы халық шаруашылығы институтының аға оқытушысы, деканның орынбасары, партия ұйымының хатшысы, Қар­жы кафедрасының доценті қыз­меттерін атқарды.

1997 жылы қызметін Астана қаласындағы Қазақ аграр­лық университеті Қаржы кафе­дра­сының доценті ретінде жал­ғас­тырды. Елге қажет маман даяр­лайтын еңселi бiлiм-ғылым ордаларында еңбек еткен жылдары ол көптеген үлгілі шəкiрт тəрбиелеп, жоғары білім беру саласының өркендеуіне сүбелi үлес қосты.

Майдан Сәтқалиев – банк ісі бойынша оқулықтың және Қазақстанның қаржы саласына арналған бірқатар мақаланың авторы.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұжы­мы ұлағатты ұстаз Майдан Әбдуғалиұлының өмірден өтуіне байланысты ұлы Қазақ­стан Республикасының Энер­гетика министрі Алмасадам Майданұлы Сәтқалиевке, отбасы мен жақындарына қай­ғыларына ортақтасып көңіл айтады. Мар­құмның жаны жәннатта болып, нұры пейіште шалқысын.

 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұжымы