27 Қаңтар, 2015

Алда асқаралы міндеттер тұр

345 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
DSC_1271Осыдан бес жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен қолға алынған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы ел экономикасын әртараптандыруға, нарықтағы қазақстандық үлесті арттыруға және шағын бизнестің дамуына анағұрлым серпін бергенін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Бұл бағдарлама шикізат экспортын арттыруға да ықпал етуде. Өткен жылдың желтоқсан айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жалпыұлттық телекөпір барысындаҮИИД бағдарламасының бірінші кезеңін қорытындылап, алға жаңа міндеттер қойған болатын. Бес жылда Қазақстанда бұрын өндірілмеген 400 жаңа өнім игерілгені қазақстандықтарды жаңа биіктерге құлшындыра түсті деу орынды болмақ. Бұл дегенің өте зор табыс екені сөзсіз. Индустриялық бағдарлама аясында 628 миллиард теңгенің өнімі экспортталып, жұмысшылары білікті, еңбекақысы жоғары 75 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Қазіргі таңда өнеркәсіптік секторда жұмыс істейтін қазақстандықтардың жалпы саны 1 миллионнан асады. Жалпы, ұлттық телекөпірде іске қосылған15 кәсіпорынның ішінде Ақтөбе рельс-арқалық зауытының да тұсауы кесілді. Бұл өңір экономикасын өрге сүйрейтін өндіріс орны болады. Зауыт құрылысын салу кезінде 500 жұмыс орны ашылып, жұмысшылардың бір бөлігі Ресей, Беларусь елдерінен шақыртылды. Кәсіпорын пайдалануға берілгенде мұнда 1000-ға жуық адам жұмыс істейтін болады. Жалпы, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының бірінші бесжылдығы шеңберінде еліміздің Индустрияландыру картасына біздің облыстан жалпы құны 660,2 миллиард теңге болатын 11,8 мыңға жуық жұмыс орны ашылуымен 83 жоба енгізілген болатын. Оның ішінде 547,4 миллиард теңге тұратын 75 жоба іске қосылып, 6,6 мың жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, өткен жылы жалпы құны 220,9 миллиард теңге болатын сегіз жоба жүзеге асып, 1,4 мың жұмыс орны ашылды. Олар – Ақтөбе рельс-арқалық зауыты, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ үшінші Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезегі, «Ақтөбе – Жылыжай» ЖШС кешені, «Казтеплоэнергомон­таж» серіктестігінің фитинг­тер, бұрмалау бұйымдар өндірісі, «Неохим» ЖШС-нің әктас өндіру зауыты, «ЖанАми и К» серік­­­тестігінің жанар-жағармай, химия­лық өнімдер мен мотор майын шыға­ратын шағын зауыты, «Юж­промснаб» ЖШС-нің мұнай қоймасы, «Пригородный» ЖШС-нің көкөніс қоймасы. Қазір пай­далануға берілген кә­сіп­орын­дар­дың барлығы қа­лыпты техно­ло­гиялық режімде жұмыс істеп тұр. ҮИИД мемлекеттік бағдар­ла­масының екінші бесжылдығында да қыруар шаруа атқарылатын болады. Тау-кен өнеркәсібі, метал­лургия бағытында ірі құры­лыс жұмыстары жүргізіледі. Бағ­дарламаның бірінші кезеңі облыста ойдағыдай жүзеге асты. Ірі өндіріс орындары іске қосылып, мыңдаған жұмыс орындары ашылды. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жақсарып, азаматтар тұрақты жұмыспен қамтылды. Алдағы уақытта да бұл ба­ғыттағы жұмыстар жүйе­лі жүр­гізіледі. 2015-2019 жыл­дар­­ға­ ар­налған индус­трия­лық-инно­ва­циялық даму бағдар­ламасының екінші бесжылдығы аясында, жаңа өндірістік технологияларды пайдалану арқылы жоғары өнімділігі бар ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылатын болады. Екінші бесжылдық аясында Мұғалжар ауданына қарасты «Юбилейное» кен орнында құрамында алтыны бар кенді қайта өңдеу, байыту кешені салынады. Құны 36,2 миллиард теңге болатын кешен жылына 7,2 тонна доре қорытпасындағы алтын өндіреді және кешен іске қосылғанда 1200 жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, «Chilisai Chemicals» ЖШС құны 45 миллиард теңге болатын жоғары сапалы МАФ/ДАФ күрделі минералды тыңайтқыштар өндірісін іске қосады деп күтілуде. Өндіріс жылына 830 мың тонна өнім шығарады, екі мың жұмыс орны ашылады. Ал «Қазхром» ТҰК» АҚ құны 110 миллион АҚШ доллары болатын, қуаттылығы 46 МВт электр стансасының құрылысын бастайды. Бұдан бөлек жылына 460 мың тонна жоғары көміртекті феррохром өндіретін бесінші цехтың құрылысы қолға алынады деп күтілуде. ҮИИД бағдарламасының екінші бесжылдығында жүзеге асатын, құны 24,1 миллиард теңге болатын жобаның бірі — Қарғалы ауданындағы темір рудалы концентратын шығаратын фабрика мен Велихов темір кен орны. «Ақтөбе темір ВС» серіктестігі бұл кен орындарын іске қосқанда жылына бір миллион тонна темір өндіріледі және 700 жаңа жұмыс орны ашылады. Ал «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС алдағы бесжылдықта құны 50,4 миллиард теңге, жылдық қуаттылығы 533 мың тонна болатын электр болат балқыту зауытын салады. Сонымен бірге, өндірісті өз электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қуаттылығы 150 МВт болатын электр стансасын пайдалануға береді. Бұл жобаның құны – 30 миллиард теңге. ҮИИД бағдарламасы аясында «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС түсті металл шығаратын кен орындарын игеруді кешенді түрде жүргізбек. Бұрында Көктау және Приорск кен орындарында тау-кен байыту комбинаты іске қосылған болса, енді алдағы екі-үш жылда жалпы инвестиция көлемі 400 миллион АҚШ долларын құрайтын «Весенне-Аралчинское» және «Құндызды», «Лиманное» кен орындарын игеру жоспарланып отыр. «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС-ін Қазақстан мен Ресей серіктестігінің нақты мысалы деу орынды. Аталған мекеме өндірісті әрі қарай дамыту мақсатында заманауи технология­лар негізінде мыс балқыту зауытын салуды көздеуде. Бұл өз кезегінде жобаның экономикалық тиімділігін арттырады. Жоба іске қосылған кезде шикізат қоры артып, өндіріс орнының ұзақ жылдарға арналған жоспарын нақтылай түседі. Шығарылған өнім Ресей, Қытай және басқа да елдердің нарығына шығарылады. Жалпы, екінші бесжылдықта жүзеге асырылатын жобалар өте көп. Мәселен, ұзақ жылдардан бері игерілмей тұрған Қарғалы ауданындағы никель өндірісін қайта жандандыру қарастырылуда. «Қазцинк» ЖШС Кемпірсай никель кен орнында зауыт салады. Сондай-ақ, қазіргі таңда «Батыс Калий» ЖШС қытайлық «Sino-Agri Mining Investment Co LTD» компаниясымен бірлесе отырып, Ақтөбе қаласы маңындағы Жилянск кен орнында минералды тыңайтқыштар өндіретін зауыт құрылысын салып жатыр. Зауыт іске қосылғанда жылына бес миллион тоннаға дейін өнім шығарады. Жалпы, бұл біздің өңірде химиялық кластердің дамуына алғышарт жасайды. Сондай-ақ, «Үй құрылысы ком­бинаты» ЖШС «Weckenman» неміс компаниясының техноло­­гия­сы бойынша, бағасы 2,2 мил­ли­ард теңге болатын қазіргі заман­ғы үй құрылысы комбинатын салуды бастады. Экономиканың бәсекеге қабі­летті болуы шикізаттық емес секторды дамыта отырып, инно­вациялық үдерістерге бет бұруға тікелей байланысты. Мемлекет басшысы ұста­нып отырған ин­дус­триялық-инно­ва­циялық сая­сат­тың бас­ты мақ­­саты бәсекеге қабі­лет­ті ұлт­тық өнеркәсіпті және жоға­ры тех­нологиялар индустрия­сын қалыптастыру, осы бағытта кәсіп­керге жағдай жасау болып табы­лады. Осыған байланысты Ақ­төбе қаласының аумағынан индус­триялық аймақ құру қолға алынды. Оған 200 гектар жер бөлініп, бұл жерге 15 өндірістік нысанды орналастыру көзделуде. Оның ішінде көлік-логистикалық, химия, мұнай-газ, құрылыс, көлік саласын дамытуға қатысты өндіріс орындары бар. Қазіргі күні жобаның техникалық-экономикалық не­гіз­демесі әзір тұр. Нысанның құрылысына республикалық және жергілікті бюджеттен 8 миллиард теңге бөлінеді. Үстіміздегі жылғы шілде айынан бастап, сыртқы инфрақұрылымды қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі. Ин­дус­триялық аймаққа отандық және шетелдік инвесторлар тартылады. Сондай-ақ, Алға ауданын­да да индустриялық аймақ құру жобасының техникалық-эко­номикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. Бұл ауданнан 100 гектар жер бөлінеді. Егер аталған жобалар жүзеге асса, өңірдің әлеуметтік, экономикалық деңгейі көтеріліп, дами түспек. Біздің облыстың экономикалық әлеуеті зор, жер асты қазба бай­лықтары да мол. Табиғи қазба байлықтарымызды тиімді өңдеп, кәдеге жаратудың кешенді шаралары алынуда. Бұл бағытта алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Өңірдегі қолайлы инвестициялық ахуал, ірі жобалардың жүзеге асырылу қарқыны діттеген межеден көрінетінімізге сендіреді. Оның үстіне Мемлекет басшысының көреген де сарабдал саясаты мен Үкіметтің экономиканы дамытуға бағытталған ұстанымдары ілгері күнге деген үмітті жал­ғай түсе­ді. Өңірде үдемелі индус­трия­лық-инновациялық даму бағдар­лама­сын жүзеге асырудың ал­ғашқы бесжылдығындағы сәтті қадамдар алда да жалғасын табары сөзсіз. Марат БАЛМҰҚАНОВ, Ақтөбе облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы. АҚТӨБЕ.