15 Маусым, 2015

Оралдық студент электромобиль құрастырып шықты

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15-06-2015-uralsk student 01ОРАЛ. 15 маусым. Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінде білім алатын студент электромобиль құрастырып шықты. Көлік өте үнемді және экологиялық таза. Ол қуат көзін өздігінен күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғыдан алады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабрлады. Сергей Офицеров есімді студент электромобильді ескі «Ока» көлігінің негізінде құрастырды. Өнертапқышқа жоғары оқу орнындағы ұстаздары мен бірге оқитын достары көмектесті. Көлікті қуаттандыру үшін тоқ көзіне қосуды қажеті жоқ. Жанармай арқылы жұмыс істейтін қозғалтқыштың орнында электромотор орнатылған. Ол көліктің төбесіндегі күн энергиясынан қуат алатын батарея арқылы жұмыс істейді. Көлік сағатына 100 шақырым жол жүре алады. Қуаты 10 киловаттық электромотор жанармай арқылы жұмыс істейтін қозғлтқыштан еш кем емес. Тіпті 500 кг-дық «Ока» салмағы 4 тонна болатын «Хаммер» жол талғамайтын көлігін де сүйреп шыға алады. Соның өзінде жылдамдығын сағатына 30 шақырымға дейін көбейтуге мүмкіндігі бар. Бұл инновациялық жаңалықты тек автокөліктерге емес, велосипедке де қолдануға болады. Сергей Офицеров өнертуындысын Ресейдің Мәскеу облысындағы Дубна қаласында өткен ғылыми-тәжірибелік конференция кезінде көпшіліктің назарына ұсынды. Ресей ғалымдары оралдық жас ғалымның еңбегін жоғары бағалап, оған Дубна университетінде магистратурада тегін оқу үшін білім грантымен марапаттады. Енді Сергей алдағы қыркүйекте аталған оқу орнында білімін жалғастыратын болды. Темір Құсайын. Дерек: egemen.kz. Сурет: uralskweek.kz.