Оқиға • 23 Қыркүйек, 2024

Астанаға жылу қашан беріледі

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне 139 әлеуметтік нысан қосылған. Алайда тұрғын үйлерге жылу қашан қосылатыны әзірге белгісіз, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанаға жылу қашан беріледі

Фото:pexels.com

«Қала мәслихатының шешімімен бекітілген Астанада жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес елордада жылыту маусымы сыртқы ауаның белгіленген орташа тәуліктік температурасы +10 °С және одан төмен болғанда бес тәулік ішінде басталады», деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алайда, әлеуметтік нысандарды қосу олардың өтінімдері бойынша жылыту маусымы басталғанға дейін орындалатыны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар

Көктемгі дала жұмысы қарқын алды

Шаруашылық • Бүгін, 09:10

Қаладан ауылға бетбұрыс

Ауыл • Бүгін, 09:05

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Таңдайдан кетпес ұлт дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:58