Фото: antiplagiat-killer.kz
Хабарланғандай, жаңа оқу жылының шәкіртақысы Үкіметтің 2008 жылғы 7 ақпандағы қаулысына сай, жоғары оқу орындардың есептерін тексергеннен кейін ғана төленеді.
- «Қаржы орталығы» АҚ 2024-2025 оқу жылының бірінші семестрінің І курсында білім алушыларға қыркүйек айының мемлекеттік стипендиясын төлеу 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген Қағидаларға сәйкес 30 қыркүйектегі жағдай бойынша ЖЖОКБҰ есептерін тексергеннен кейін қазан айының ішінде жүзеге асырылатынын хабарлайды, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Медициналық жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттеріне қыркүйек айының стипендиясы қазан айында екі айға (қыркүйек-қазан) қосылып төленеді. Төлемдер қазан айының аяғында жүргізіледі деп жоспарланған.