15 Маусым, 2015

Қостанай облысында өрт бекетінің жаңа ғимараты ашылды (фото)

279 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
15.06.2015 QOSҚОСТАНАЙ. 15 маусым.  Әулиекөл ауданындағы Диев ауылында өрт бекеті үшін жаңа ғимарат ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Әулиекөл ауданы ауданына қарасты Диев ауылында өткен жылы жазда аудан әкімдігі және осындағы «Диев агрофирмасы» жауапкершілігі шектеулігі серіктестігінің қолдауымен ерікті өрт командасы үшін өрт бекеті ашылған болатын.  Міне, бір жыл өткеннен кейін өрт бекеті жаңа ғимаратқа орналастырылды. 15.06.2015 QOS-1Бекетте тәуліктік қызмет атқаратын қызметкерлер демалу үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Диспечерлік, тамақтану, жуынатын бөлмелері және гараж бар. Бекет штатында 4   жүргізуші, 7 өрт сөндіруші –барлығы 11 адам  жұмы істейді.   Диев ауылындағы бекеті өрт-техникалық жарақтармен жабдықталған, 1 «АЦ-40(131) -137А» автомобилі, ЖЖМ резерві бар, жеке құрама  арнайы қолғаппен,  киіммен  қамтамасыз етілген. 15.06.2015 QOS-2Ауылдағы өрт сөндіру бекетіне «Диев» агрофирмасы» серіктестігінің барлық шаруашылық нысандары және Диев ауылдық округінің әкімшілік аумағы, сонымен қатар сол төңіректегі  орманды-далалы жерлер және   Үшқарасу, Пограничный және Қосағал елді мекендерін тілсіз жаудан қорғау жүктелген. Жаңа өрт бекетінің ашылу салтанатына Әулиекөл ауданының әкімі А. Балғарин, «Диев» агрофимасы» ЖШС бас директоры О. Даниленко, Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі Т.Кәкімов, ӨСБжПЖБ бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі А. Оспанов, Әулиекөл ауданының ТЖБ бастығы, өртке қарсы қызмет подполковнигі Д.Төрежанов қатысты. Әулиекөл ауданы Диев   өрттен құтқару бекетінің ашылуы шалғай елді мекендердегі тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін жоғарылатты. Өйткені   бұрын мұнда өрт сөндіру күштері уақытында келіп үлгермейтін. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz