Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуровты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесуде велокоманданың қазіргі маусымдағы міндеттері, елдегі велосипед спортының даму перспективалары талқыланды.
Мемлекет басшысы Қазақстанда велоспортты дамыту және кеңінен таныту үшін қажетті барлық жағдай жасалып жатқанын айтты.
– Астанада мүмкіндіктері жағынан ең үздіктердің бірі саналатын «Сарыарқа» республикалық велотрегі салынды. Жоғары нәтижелер көрсетіп жүрген кәсіби велокоманда құрылды, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев өскелең ұрпақты велосипед спортына баулудың маңыздылығын да атап өтті.
А.Винокуров команданың табыстары туралы, сонымен қатар, Велосипедшілердің халықаралық одағының бастамасымен өтетін «Тур Алматы» жарысына деген қызығушылықтың өсіп келе жатқандығы туралы әңгімеледі.
– Велокомандамыз биыл оныншы маусымын өткізеді. Біз өзіміз қатысып жүрген барлық жарыстарда жеңуге тырысамыз. Еуропада елеулі жарыстардың барлығында жеңіп, жақсы беделге ие болдық, – деді велокоманданың бас менеджері.
Кездесу барысында А.Винокуров Мемлекет басшысына былтыр «Тур де Франс» көпкүндік велобәйгесінде жеңіске жеткен «Астана» велокомандасының майкасын тарту етті.

Алматы – Қорғас тасжолында жеңіл көліктерге зақым келді
Қоғам • Бүгін, 19:32
Конгода Эбола дерті 29 медициналық аймаққа әсер етті
Әлем • Бүгін, 18:34
«Қазақмыс» әлеуметтік бағдарламаларымен 5,7 мыңнан астам адам қамтылды
Қоғам • Бүгін, 17:42
Көкшетауда үйдің шатырына найзағай түсіп, өрт шықты
Қоғам • Бүгін, 17:32
Үндістанда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 17:00
2026 жылғы әлем чемпионаты: Үшінші ойын күні алаңға кімдер шығады?
Спорт • Бүгін, 16:36
Қасым-Жомарт Тоқаев ІІІ Чарльздің туған күніне байланысты құттықтау хатын жолдады
Президент • Бүгін, 16:12
Шикізаттан – зауыттар мен егістікке: Қазақстан экономикасының жаңа даму моделі
Экономика • Бүгін, 15:58
Қызметтік иттің көмегі: Астанада жүргізушінің көлігінен есірткі табылды
Заң • Бүгін, 15:25
Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрағасы болып сайланды
Саясат • Бүгін, 14:29
Азат Перуашев «Ақ жол» партиясы төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді
Саясат • Бүгін, 14:13
Таразда шетел азаматынан ірі көлемде есірткі тәркіленді
Заң • Бүгін, 13:55