27 қыркүйек - Абсурд
С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақ сазды-драма театрында С.Қасымбектің «Қол» абсурд премьерасы ұсынылады. Режиссері – Б.Құрманғожаев.
28 қыркүйек - «Махаббат хаттары»
Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында А.Гернидің «Махаббат хаттары» драмасы сахналанады. Режиссері – Ж.Жұманбай. Аударған – А.Көлбаева.
29 қыркүйек - «Ай қараңғысы»
С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық Қазақ драма театрында Ә.Ақтайдың «Ай қараңғысы» әлеуметтік драмасы қойылады. Режиссері – А.Салбан.
10 қазан - «Қоштасқым келмейді»
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының Қостанай қаласына гастрольдік сапары аясында А.Володиннің «Қоштасқым келмейді» махаббат дастаны сахналанады. Режиссері – А.Маемиров.