Референдум 2024 • 26 Қыркүйек, 2024

Сенатор: Бізде АЭС салуға объективті алғышарттар бар

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бауыржан Қаниев Шалқар ауданының тұрғындарымен кездесіп, елімізде атом электр станциясын салу жөніндегі алдағы референдум тақырыбын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенатор: Бізде АЭС салуға объективті алғышарттар бар

фото Сенаттың баспасөз қызметі

Сенатор кездесуде бұл жобаның Қазақстанға аса маңызды екенін атап өтті.

«Бізде атом электр станциясын салуға барлық объективті алғышарттар бар. Ол, біріншіден, Қазақстанды осы маңызды шикізатты өндіру бойынша көшбасшылардың біріне айналдыратын уранның бай қоры. Екіншіден, бізде уранды қайта өңдеуге арналған дамыған инфрақұрылым бар, бұл ресурстарды тиімді пайдалануға және атом электр станциясын салу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, бізде жобаны қажетті технологиялар мен инновациямен қамтамасыз ете алатын қуатты ғылыми база бар. Осы факторлардың барлығы елімізге осы ауқымды және маңызды жобаны іске асыруға сенімді іргетас жасайды», деді Қаниев.

Сенатор атом электр станциясының құрылысы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жер қойнауынан алынатын энергия көздеріне тәуелділікті азайтуға бағытталған маңызды қадам болуы мүмкін екенін айтты. Сонымен қатар жаңа электр станциясы салынса  жұмыс орындары ашылып, инвестиция тартылатыны айтылды.

Шалқар ауданының тұрғындары тақырыпты қызу талқылады. Олар депутаттарға АЭС-ті пайдалану қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау және жобаның әлеуметтік әсері туралы көптеген сұрақтар қойды.