ПЕТРОПАВЛ. 15 маусым. Асырауында мүгедек балалар бар «Асыл ана» облыстық қоғамдық ұйымы мектеп бүлдіршіндерінде қонақта болды. Бұл туралы egemen тілшісі хабарлады.
Асырауында мүгедек балалар бар «Асыл ана» облыстық қоғамдық бірлестігі 18 жылдан бері қайырымдылық шаралармен айналысып келеді. Бүгінде оның құрамында тағдырдың жазуымен әртүрлі мүгедектікке ұшыраған 73 ана бар. Өмірдің қиындығын көп көрсе де, мойымаған, алғашқы күннен негізін қалап, оның жұмысына белсене қатысып келе жатқан Теңдік Сәрсекеева ұйымға жетекшілік етеді. Ірге көтерген уақыттан бері оның мүшелері ондаған отбасылар мен мүгедек балаларға демеуші тауып,
орнығуына, жұмысқа орналасуға көмектесті.
Бұл жолы «Жас дарын» өнер мектебінің кішкентай балғындары мүгедек әжелерін қонаққа шақырып, ерекше құрмет көрсетті. Ақ дастархан жайып, концерт қойды. Өздерінің қылқаламдарынан шыққан шығармаларын ұсынды. Сахнаға шығарып, ізет білдірді. Тақпақ оқып, ән айтып, көңілдерін көтерді.
«Мен үшінші топтағы мүгедекпін. Бір жылдан бері осы ұйымның мүшесімін. Теңдік Шайқызының жас ұрпақ бойына қазақстандық патриотизм рухын дарытып жүрген ерен істеріне ризамын. Біз ол кісінің жетекшілігімен қоғамдық шараларға үнемі араласып отырамыз», дейді Қарлығаш Шаймергенова.
Өмір Есқали.
Дерек, сурет: egemen.kz
• 15 Маусым, 2015
Петропавлдық балалар мүгедек әжелеріне концерт қойды

Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32