15 Маусым, 2015

Бас прокурор Асхат Дауылбаев ЕҚЫҰ өкілімен кездесті

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15-06-2015-bas prokuratura 01АСТАНА. 15 маусым. Бүгін Бас прокурор Асхат Дауылбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Астрид Турс ханыммен кездесті. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Асхат Дауылбаев жоғарғы комиссарды ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету және аз ұлттардың құқықтарын бұзуға жол бермеу шаралары жөнінде хабардар етті. Кездесу барысында адам құқықтарын сақтаудың өзекті мәселелері талқыланды. Тіл туралы заңның қолданылуы, сондай-ақ, ұлттық және тілдік белгілер бойынша кемсітушілік мәселелері де әңгімеге арқау болды. Астрид Турс ханым кездесу аясындағы мазмұнды пікір алмасуға және адам құқықтарын қорғау саласындағы қол жеткізген ынтымақтастық пен өзара белсенді ықпалдастыққа ризашылығын білдірді. Өз кезегінде Дауылбаев Қазақстанның Бас прокуратурасы осы бағыттағы диалогқа және бірлескен жұмыстарды жалғастыруға дайын екендігін айтты. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: Бас прокуратураның баспасөз қызметі.