Әдебиет • Бүгін, 11:20

Бөріліден Орта Азияға дейін

72 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Адамзаттық деңгейдегі ақыл-ой алыптары ұлт шекарасына сыймайды. Олар қара түннің шымылдығын дар айырып, шолпанды жыққан күн секілді арайын алысқа да, жақынға да шашады. Алақандай Бөріліде дүниеге келіп, Еуразия кеңістігінің ерен тұлғасына айналған тұлға – Мұхтар Әуезов.

Бөріліден Орта Азияға дейін

Бұл туралы заңғар жазушының рухани шәкірті Шыңғыс Айт­матов былай деп толғанады: «Менің пайымдауымша, бір кезде орыс мәдениетінің өсіп-өркендеуіне Пушкин әсері қандай болған болса, бүгінгі Орта Азиядағы көркем ойдың, іргелес халықтарымыздың күллі рухани өмірінің қалыптасуына Әуезов әсері де дәл солай болды».

Осы тұғырға Әуезов үлкен дайын­дықпен көтерілді. 1929 жылдың наурыз айынан бастап, Ташкенттегі Орталық Азия мемлекеттік университетінің Шығыстану бөліміндегі түркология кафедрасының аспирантурасына қабыл­данады. Сол кез­ден бастап түркі дүниесінің жауһар жә­дігер­лерін зерттеп, зерделейді. Ең әуелі туыс­тас елдердің фольклорлық мұрасын терең талдайды. Содан кейін ғылыми жетек­шісі М.Ф.Гавриловтың тікелей ұсы­ны­сымен со­пылық әдебиеттің ірі өкілі Қожа Ах­мет Ясауидің «Диуани хикметін», Әлі­шер Науаидың «Хамсасын», Әбілғазы Баһа­­дүр­дің «Түрікмен шежіресі» мен Фер­дау­сидің «Шаһнамасын» жадына тоқиды.

Кейін өзі де Орта Азия ха­лық­­­тары­ның ауызша және жазба әде­бие­тінің байланысын жіті зерттеп, іргелі еңбектер қалдырады. Оның осы жолдағы ізденіс іздерін туысқан қазақ пен өзбек халық­тарының әдеби-мәдени байланысын зерт­теп жүрген ғалым Қалдыбек Сейда­нов­тың «Әуезов және Орта Азия әде­биеті» монографиясынан оқып-та­нуға болады.

Қазақ және өзбек тілінде 2022, 2023 жылдары Ташкентте жарық көрген еңбекте заңғар жазушының әр жылдары жа­зылған Орта Азия халықтары әдебиетіне қатысты еңбектері талданып, әрқай­сысына ғылы­ми түсінік­теме беріледі. Мұхтар Әуе­зовтің шы­ғар­ма­шылық эволюциясына түркі әдебие­тінің ықпалынан бастап, жазу­шының өзі түркі дүниесінің рухани келбетіне қалай әсер еткені хақында баяндалады.

Соңғы жаңалықтар

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • Кеше