15 Маусым, 2015

Кентауда болған өрттен 21 адам зардап шекті

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19-06-2015-ort 01ШЫМКЕНТ. 15 маусым. Кентауда көп қабатты үйлердің бірінде өрт шығып, салдарынан 21 адам зардап шекті. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабрлады. Аталған департамент таратқан мәліметке сүйенсек, 13 маусымда сағат таңертеңгі 04:00-де көп қабатты үй отқа оранған. Тілсіз жау тек екі сағаттан кейін өшірілді. Өрт салдарынан 4 адам жансақтау бөліміне түсті және бір адам хирургиялық бөлімге жатқызылды. Сондай-ақ,16 адам медициналық көмекке жүгінген. Зардап шеккендердің 12-сі бала. 5 және 3 жастағы екі бала аздаған күйіктермен ауруханада жатыр. Ал дәрігерлер бірнеше тәуліктен бері екі адамның өмірін ажалдан аман алып қалу үшін күресуде. «Жасы 67-дегі әйел мен оның 8 жастағы немересі күйік шалып қана қоймай, иіс тиген. Екеуі де ес-түссіз жатыр», – дейді Кентау қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері. Өртті сөндіруге 41 құтқарушы, АІІД 100 қызметкері жұмылдырылды, 6 жедел жәрдем бригадасы әзір тұрды. Үш пәтер толығымен өртеніп кетті. Жалын 129 шаршы метрді қамтыды. Кентау әкімдігі пәтерлерді жөндеуге көмек беріп, демеушілерді тартуға уәде берді. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеуде. Жалынның тұтану себептері анықталуда. Алдын ала деректер бойынша өрт 3 қабаттан шыққан. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz.