Фото: Freepik
Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, 2018 жылы сот үкімімен пара берушіге 672 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Жазадан жалтару үшін пара беруші уәкілетті органға айыппұлды толық төлегені туралы жалған құжат ұсынған.
«Қалалық прокуратура бұл қылмыстық деректі дер кезінде анықтап, сотталғанның жазасы айыппұлдан 10 жыл бас бостандығынан айыруға ауыстырылды. Тергеп-тексеру барысында сотталушының миллиондаған айыппұл төлеуден жалтаруға көмектескен тұлға ұсталды», делінген хабарламада.
Сот үкімімен кінәлі адам аса ірі мөлшерде алаяқтық жасап, лауазымды тұлғаға аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені үшін мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.
Сот үкімі заңды күшіне енді.