Бокс • 30 Қыркүйек, 2024

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

42 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4 қазан күні кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) Жаңа Зеландия өкілі Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жұдырықтасады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

Фото: Qazsport

Отандасымыздың жекпе-жегін Qazsport телеарнасы Астана уақытымен сағат 15:00-де тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF бойынша орта салмақтағы әлем титулдарының иегері, бірақ Андрей Михайловичпен жекпе-жекте тек IBF белбеуін қорғайды.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович шілде айында жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда Жәнібек Әлімханұлы салмақ қуу кезінде өзін нашар сезініп, ауруханаға түскен.

Соңғы жаңалықтар