Референдум • 30 Қыркүйек, 2024

АЭС салынса электр желілері де жаңғыртылады

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаторлар Ләззат Рысбекова мен Арман Өтеғұлов Орал қаласындағы Желаев астық өнімдері комбинатының және Бәйтерек ауданындағы кәсіпорындар ұжымдарымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

АЭС салынса электр желілері де жаңғыртылады

Фото: taldykorgan-online.kz

Сенаторлар кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлерімен бірге АЭС құрылысы мен жұмысының жалпы мәселелерін және өндірілген энергияны  шалғай аудандарға жеткізу ісін талқылады. Ләззат Рысбекова қазір тозып біткен электр желілерінің мәселесін шешу маңызды екенін, бұл энергияның айтарлықтай жоғалуына әкелетінін атап өтті.

«АЭС өнеркәсіп кәсіпорындары үшін де, халық үшін де жеткілікті энергия өндіре алады. Алайда, ескірген электр желісінің инфрақұрылымына байланысты электр энергиясының едәуір бөлігі жоғалып кетеді. Сондықтан атом станциясын салумен қатар электр желісін жаңғыртуға да назар аудару қажет», деп атап өтті сенатор Ләззат Рысбекова.

Электр энергиясына тарифтердің қолжетімділігі – талқылаудың негізгі тақырыбының бірі болды. Сенатор Арман Өтеғұлов электр энергиясының жеткілікті қамтамасыз ету басым міндет болғанымен, тарифтік саясат халықтың барлық санатының кірістерін және кәсіпорындардың ерекшелігін ескеруі тиіс екеніне назар аударды.