Қалалық Саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының басшысы Гүлсара Сүлейменованың айтуынша, байқауға қатысушыларға негізінен бірқатар талаптар қойылған. Мәселен, «Кәсіпорын саламатты өмір салтын қалыптастыруға қанша қаржы бөледі? Спорт кешені бар ма? Медициналық пункт немесе орталықтары бар ма? Спортпен айналысуға арналған алаңқай, бассейндермен жабдықталған ба? Темекі тартпайтын адамдарға қандай басымдық беріледі?» дегендей. Міне, байқау барысында осы өлшем деңгейлері мұқият ескерілген.
– Егер қаламызда 60 мыңға жуық кәсіпорын болса, осы бес жылдың ішінде оның 250-і аталған байқауда бағын сынап көрді, – деді салтанатты жиында жеңімпаздарды құттықтап, марапаттаған Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанат Қасымжанова. – Бұл дегеніңіз – қаншама адамды спортқа баулып, саламатты өмір салтын насихаттауда үлкен күш. Әрине, қазылар алқасына жеңімпаздарды анықтау оңай болған жоқ. Өйткені, байқауға қатысқан барлық кандидаттар өз кәсіпорындарында саламатты өмір салтын ендіруде өте ауқымды жұмыстар атқарған. Көптеген мекемелер жұмыстарын өндірістік денешынықтырумен бастап, спорттық командалар құрған, көптеген қызметкерлер әртүрлі секцияларға қатысып, спорт залдары мен бассейндердің қызметін пайдаланған. Сондықтан «Асыл алма» байқауы кәсіпорын жетекшілерінің өз ұжымдарында, мекемелерінде саламатты өмір салтын қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосып, оның беделін арттыруға күш салғанын атап өткеніміз жөн.
Сонымен биылғы байқауға 57 компания атсалысқан. Олардың 12-сі дараланып, финалға шықты. Сонымен «Компания жұмысшыларының денсаулығын сақтауға қосқан үлесі үшін» аталымында «АЗМК» ЖШС, «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ, «Juldyz kenan Co. LTD» АҚ, «Алматы ашытқы зауыты» АҚ, «Халық арасында саламатты өмір салтын қалыптастыруға қосқан үлесі үшін» аталымында «Кселл» АҚ, «Цин-Каз» ЖШС; «Әлеуметтік тұрғыдан маңызды аурулармен күреске қосқан үлесі үшін» аталымында «Tamish textile» ЖШС; «Саламатты өмір сүруге жеке үлгі көрсеткені үшін» аталымында №1 қалалық клиникалық аурухана «ҚазҚұрылыс Әйнек» ЖШС, «Қорғау HR» қоғамдық қоры жеңімпаз атанды.
Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

Катар мен Швейцария құрамасы тең түсті
Спорт • Бүгін, 02:05
Павлодарда Ертіс өзеніне ағып кеткен ер адам құтқарылды
Құтқарушы • Кеше
Семейде үлескерлерді 3 млрд теңгеге алдаған құрылыс компаниясының басшылары сотталды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Ресейге сыра сатудан Қазақстан екінші орынға шықты
Экономика • Кеше
Интернетте боқауыз сөз айтқандарға жаза күшейтіледі
Заң мен Тәртіп • Кеше
Головкин әлемдік бокс аңыздарының қатарына қосылды
Спорт • Кеше