Оқиға • 01 Қазан, 2024

Талдықорғанда заңсыз берілген жерлер мемлекетке қайтарылды

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалалық прокуратураның бастамасымен жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде ҚР АШМ ЖРБК Жетісу облысы Жер ресурстарын басқару департаментінің Жер кодексін бұзу фактісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талдықорғанда заңсыз берілген жерлер мемлекетке қайтарылды

Фото: АШМ баспасөз қызметі

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 35,4 гектар аумақты алып жатқан орман қорының жерлері заңсыз түрде жеке меншікке берілген. Жерлер Талдықорған қаласының саябақ аймағында орналасқан.

«Жер кодексін бұзу фактісі анықталғандықтан, Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Талдықорған қаласы әкімдігінің жер учаскесін беру туралы қаулысының күшін жою туралы шешім шығарды. Аталған жер учаскелерімен байланысты сатып алу-сату, сыйға тарту және мұрагерлік құқығы туралы куәліктің барлығы жарамсыз деп танылды», делінген ведомство хабарламасында.

Жауап берушілер сот шешіміне қарсы апелляциялық шағым берген.

Нәтижесінде, облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен апелляциялық шағым қанағаттандырылмай, бірінші инстанция сотының шешімі өзгеріссіз қалған.