Жастар • 02 Қазан, 2024

Елордалық еріктілер зейнеткерлерге азық-түлік себетін таратты

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ волонтерлері дәл 1 қазан-Халықаралық қарттар күні, үш түрлі мекен-жай бойынша елордалық 3 зейнеткерге азық-түлік себеттерін таратты, деп жазады Egemen.kz.

Елордалық еріктілер зейнеткерлерге азық-түлік себетін таратты

Фото: gov.kz

Себеттерді таратуды «Астана жастары» ресурстық орталығының 10 еріктісі жүзеге асырды. Айта кетсек, еріктілер жалғызбасты қарттарға, ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне, мүгедектігі бар зейнеткерлерге жүйелі түрде көмек көрсетіп жүреді. Атап айтқанда, қарттардың аулаларын тазалайды, үй шаруашылығына көмектеседі, азық-түлік жеткізіп береді.

Ал мереке күндері еріктілердің қарттарға азық-түлік себеттерін сыйлауы дәстүрге айналған. Бір әлеуметтік себет – ең қажетті әрі пайдалы өнімдерге және тұрмыстық тауарларға толы.

«Жастарымыз аға буыннан үлгі алады. Үлкендерді дәмді сыйлықтармен қуантуды ниет еттік. Осы тамаша күні мен әр зейнеткерді шын жүректен құттықтаймын», деді «Астана жастары» ЖРО еріктісі Давид Мұхтарұлы.

Өз кезегінде қарттар алғыстарын айтып, баталарын берді.