Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Астрид Турспен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Қ. Жақыпов мейманға Мәжілістің ұйымдастыруымен өтетін ҚХА 20 жылдығына арналған «Қазақстандық жол: Бірлік. Патриотизм. Реформалар» халықаралық конференциясына қатысуға ниет білдіргені үшін өз алғысын жеткізді.
Осы ретте Мәжіліс Спикері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев саясатының басым бағыттарының бірі – ұлтаралық келісім мәселесі екенін атап өтті.
Қ. Жақыповтың айтуынша, біздің еліміз ЕҚЫҰ-мен сындарлы ынтымақтастықты, соның ішінде, азаматтық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша ықпалдастықты өте жоғары бағалайды.
Одан әрі Мәжіліс Төрағасы Қазақстанда этникалық топтардың дамуы, тілінің, мәдениеті мен әдет-ғұрпының сақталуы үшін барлық жағдай жасалғандығына тоқталды. Мәселен, бүгінгі күні біздің елімізде 97 мыңнан астам оқушы 37 мектепте, сондай-ақ, 171 аралас мектепте өзбек, тәжік, ұйғыр тілдерінде білім алады. Сонымен қатар, Қазақстан этностарының 15 тілде 37 газеті және 11 тілде журналы шығады.
Астрид Турс Қазақстанда Жоғарғы комиссар кеңсесі ашылған күннен бастап, тиімді үнқатысу орнап, ҚХА-мен өзара белсенді іс-қимыл жүргізіліп келе жатқанын атап өтті.
Тараптар сондай-ақ, Аз ұлттар интеграциясы туралы және Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-тәжірибесі төңірегінде әңгіме қозғады.

Алматыда лай көшкінінен ғимараттың шатыры зақымдалды
Оқиға • Бүгін, 10:57
2026 жылдың ең ықпалды адамдары анықталды
Әлем • Бүгін, 10:50
Алматыдағы нөсер жаңбыр: Коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті
Алматы • Бүгін, 10:41
Әскерде телефон қолдану тәртібі жеңілдейді
Қоғам • Бүгін, 10:30
Астанада бірқатар аялдаманың атауы өзгерді
Елорда • Бүгін, 10:22
Жаңбыр, дауыл, тұман: Елімізде ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Бүгін, 10:03
Базардағы жаңа тәртіп: Баға айқындалып, бақылау тетіктері күшейеді
Сауда • Бүгін, 09:55
Елімізде табиғи газ тұтынушылар саны 13 миллионға жетті
Қоғам • Бүгін, 09:43
Руханият • Бүгін, 09:25
Қаржы • Бүгін, 09:22
Қоғам • Бүгін, 09:22
Әдебиет • Бүгін, 09:20
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:18
Шахмат • Бүгін, 09:15
Өнер • Бүгін, 09:12