Фото: Астана әкімдігі
Астанада таңғы сағат 07:00-ден бастап барлығы 460 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр, оның 352-сі ашық, 34-і жабық, 74-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерде орналасқан.
Сеулдегі№390 және Токиодағы №393 референдум учаскелері жергілікті уақытпен таңғы сағат 07:00-де бірінші болып жұмысын бастады. Қазақстан азаматы Камила Маутова Сеулде бірінші болып дауыс бергенін хабарлаған едік.
59 шет елде 74 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.
Таяу Шығыстағы 228 Қазақстан азаматы атом электр станциясына қатысты референдумда дауыс бере алмайды.
Еске салайық, 2024 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС бойынша референдум күнін 2024 жылғы 6 қазанға белгілеп, оны өткізу туралы Жарлыққа қол қойған еді.